25
сәуір
2026
Жалпыреспубликалық сенбілік
Бүгін, 25 сәуір күні, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпыреспубликалық сенбілікке №2 жалпы білім беретін мектеп ұжымы белсенді түрде қатысты. Бұл шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, туған жердің тазалығына үлес қосу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сенбілік барысында мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері бірлесе отырып мектеп аумағын қоқыстан тазартты, айналаны абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, гүл көшеттері отырғызылып, жасыл желектер күтімге алынды, ағаш отырғызу жұмыстары жүзеге асырылды. Ауладағы ескі жапырақтар жиналып, арнайы орындарға шығарылды.
Мұндай игі шаралар қатысушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайтуға да үлкен септігін тигізді. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік – әр азаматтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыратын маңызды бастама екені сөзсіз