03
сәуір
2026
«Берекелі Наурыз – мерекелі күн»
Мектебімізде бүгін «Берекелі Наурыз – мерекелі күн» тақырыбында мектепішілік Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілді. Ұлттық дәстүрімізді дәріптеген бұл шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше көңіл күй сыйлады.
Мерекелік кеш барысында оқушылар ән шырқап, күй тартып, мың бұралған билерімен көрермендерді тәнті етті. Ұлттық өнерді насихаттаған әрбір өнерпаз өз шеберлігін көрсетіп, сахнаның сәнін келтірді.
Наурыз – жаңару мен бірліктің, татулық пен берекенің белгісі. Осындай игі шаралар жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелейді.
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!