Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Волейбол сабағында жалпы және арнайы дене дайындығын дамыту”
25
мамыр
2026

“Волейбол сабағында жалпы және арнайы дене дайындығын дамыту”

Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар және ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, №2 ЖББМ-де педагог-сарапшы мұғалім Байғондыұлы Әбділланың авторлық бағдарламасы негізінде тәжірибе тарату мақсатында “Волейбол сабағында жалпы және арнайы дене дайындығын дамыту” тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – волейбол арқылы 9-сынып оқушыларының жалпы және арнайы дене дайындығын жан-жақты дамыту, дене шынықтыруға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру және оқушылардың өз денсаулығына саналы көзқарасын арттыру.

Семинар барысында қатысушылар авторлық бағдарламаның тиімділігімен танысып, волейбол сабағында қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдер мен практикалық жаттығуларды тәжірибе жүзінде көрді. Іс-шара өзара тәжірибе алмасу алаңына айналып, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етті.