Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ризашылық – жүректен шыққан жылы сөз» №2 ЖББМ. №143 МЛ
03
наурыз
2026

«Ризашылық – жүректен шыққан жылы сөз» №2 ЖББМ. №143 МЛ

Алғыс айту күніне орай №2 жалпы білім беретін мектеп пен Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей оқушыларының бірлесуімен «Ризашылық – жүректен шыққан жылы сөз» тақырыбында мазмұнды іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында ризашылық, сыйластық және үлкенге құрмет көрсету құндылықтарын қалыптастыру, ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін дәріптеу.
Мерекелік кешке ардагер ұстаздарымыз арнайы шақырылып, оларға ерекше құрмет көрсетілді. Оқушылар дайындаған концерттік бағдарлама аясында әсем әндер шырқалып, би биленіп, жүрекжарды алғыс сөздер айтылды. Әрбір өнер нөмірі көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ризашылық сезімін терең жеткізе білді.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақты мейірімділікке, құрмет пен сыйластыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.