Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 118
Умбетова Ж.К Алғыс Хатпен марапатталды.
26
тамыз
2021
Умбетова Ж.К Алғыс Хатпен марапатталды.
"Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы" атынан оқушыларды қашықтан оқытуды ұйымдастыруда оқу пәнінен тірек-конспектілерді әзірлеуге белсене ат салысқаны үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Умбетова Ж.К Алғыс Хатпен марапатталды.
Бірлестік жетекшілерімен  жиналыс
24
тамыз
2021
Бірлестік жетекшілерімен жиналыс
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектеп директоры әдістемелік бірлестік жетекшілерімен  жиналыс өткізілді.   Жиналыста бірлестік жетекшілеріне  жаңа оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес өткізілетін жұмыстарға талдау жасалып, тапсырмалар берілді.
Семей полигонына шолу
24
тамыз
2021
Семей полигонына шолу
Жетісу ауданы, Білім бөлімінің тапсырмасына негізінде "Қазақстан балалары - жазды қуанышқа толтырайық" жазғы демалыста оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында "Семей ядролық полигонының жабылуына 30жылына" орай 6 "В" сынып оқушысы Бекет Балғын Семей полигонына шолу жасады.
Ұстаздармен жиналыс
23
тамыз
2021
Ұстаздармен жиналыс
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектеп директоры Отепбекова Б.М ұстаздармен жиналыс өткізді.  Мектеп басшысы жиналыста оқушылардың оқулықпен толық қамтамасыз етуін айтып, жаңа оқу жылына дайындықты күшейтуді тапсырды.
Онлайн кездесу өткізді.
20
тамыз
2021
Онлайн кездесу өткізді.
Жетісу ауданы, №2 жалпы білім беретін мектеп директоры Отепбекова Б.М жаңа оқу жылы қарсаңында 6  сынып оқушыларының ата-аналарымен  онлайн кездесу өткізді.
Ыбырай Алтынсаринге 180 жыл!
18
тамыз
2021
Ыбырай Алтынсаринге 180 жыл!
Қазақ педагогикасының жарық  жұлдызы —  Ыбырай Алтынсаринге 180 жыл!!! Ыбырай Алтынсарин — бар саналы ғұмырын ағартушылыққа , яғни ізгілік педагогикасына көп еңбектенген көрнекті тұлға. Ол өзінің педагогтік, жазушылық тарихи қызметі мен зор  талантын,   терең білімін және қайраты мен жігерін жас ұрпаққа арнады.  Мектебіміздің оқушылары Ы.Алтынсариннің шығармаларын жатқа айтып, балаларды оқуға шақырады.
2021-2022 жаңа оқу жылын ұйымдастыру
18
тамыз
2021
2021-2022 жаңа оқу жылын ұйымдастыру
Жетісу ауданы, №2 жалпы білім беретін мектепте 2021-2022 жаңа оқу жылында оқушылар оқулықтармен қамтамасыз етіліп, мектепте ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Мектебіміз асқақ арманмен, үкілі үмітпен білім алу мақсатында келетін оқушыларымызды асыға күтеді.
«Мектепке жол» республикалық акциясы
17
тамыз
2021
«Мектепке жол» республикалық акциясы
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясына Жетісу ауданы, №2 жалпы білім беретін мектептің "Алтын жүректі, қайырымды ата-аналары" аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан 1 сынып оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар сыйға тартты. Мектеп әкімшілігі көмек қолын ұсынған демеуші ата-аналарға ҮЛКЕН АЛҒЫС білдіреді!
Ұлы Абай дүниеге келген күн!
10
тамыз
2021
Ұлы Абай дүниеге келген күн!
10 тамыз - ұлы Абай дүниеге келген күн!!! Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі.  Ұлы Абайдың қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық  тұжырымдар. Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке  тәрбиелейді. Абай отандық мәдениетіміз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын