Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 124
9 сынып бітіруші түлектерге психологиялық тренинг өткізіп,  кеңестер берілді.
14
мамыр
2021
9 сынып бітіруші түлектерге психологиялық тренинг өткізіп, кеңестер
Мектеп психологы Қуаныш А.Е 9 сынып бітіруші түлектерге   емтихан алдындағы қобалжу, уайымдау, мазасыздықтың алдын алу мақсатында психологиялық тренинг өткізіп,  кеңестер берді. Мақсаты: Оқушы бойында сенімділікті қалыптастыру, мазасыздық сезімдерінен арылтып, белсенділігін арттыру. Өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету.
Педагогикалық консилиум өткізілді.
14
мамыр
2021
Педагогикалық консилиум өткізілді.
Жетісу ауданы, N2  ЖББМ  4 сынып оқушыларының білімдерін жаңартылған білім беру аясында зерделеу мақсатында Педагогикалық консилиум өткізілді. Консилиумда сыныптардың сапа көрсеткіші, жүргізілген бақылау жұмыстарының қорытындысы айтылды.
Ата-ана сынып сағаты.  8"Б" сынып.
13
мамыр
2021
Ата-ана сынып сағаты. 8"Б" сынып.
Мектебіміздің 8 "Б" сынып оқушыларына ата-ана  Кожахметова Т.Қ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік тәңірден келген тәтті сый" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сынып жетекшісі: Сейтова А.Н
1-5 сынып оқушыларына онлайн дәріс сабақ өткізді.
13
мамыр
2021
1-5 сынып оқушыларына онлайн дәріс сабақ өткізді.
Жетісу аудандық учаскелік полиция лейтенанты Жайсаңбай Қуандық Жасайұлы "Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу" және "Жол жүру ережесі" тақырыптарында 1-5 сынып оқушыларына онлайн дәріс сабақ өткізді.
"Олжас Сүлейменов оқулары" номинациясы
13
мамыр
2021
"Олжас Сүлейменов оқулары" номинациясы
О.Сүлейменовтың 85-жылдық мерейтойына арналған Халықаралық "Жүректе маған орын бар..." байқауында "Олжас Сүлейменов оқулары" номинациясына мектеп оқушылары қатысып, жүлделі орындармен марапатталды! Жетекшілері: Умбетова Ж.К, Туралиева Г.М
Ұстаздармен кезекті жиналыс өткізілді.
12
мамыр
2021
Ұстаздармен кезекті жиналыс өткізілді.
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ директоры Отепбекова Б.М ұстаздармен кезекті жиналысын өткізді.  Жиналыста мектеп басшысы мұғалімдерге  қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімін сапасын, мемлекеттік емтиханға 9,11 сынып оқушыларының дайындығын күшейтуді тапсырды.
«Nur Otan»
12
мамыр
2021
«Nur Otan»
Алматы «Nur Otan» бастауыш ұйымдарының саны бойынша республикада бірінші орында ⠀ Мегаполисте барлығы 675 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді, олар өз қатарларында 60 мың партия мүшелерін біріктіреді. Осы және басқа да көрсеткіштер партияның Алматы қалалық филиалының басшысы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың @sagintayev.b төрағалығымен өткен ХXVII есептік-сайлау конференциясында айтылды. ⠀ «Алматылықтар «Nur Otan» - ең алдымен қарапайым азаматтардың: дәрігерлердің, мұғалімдердің, жастардың,
"Салауатты өмір біздің болашағымыз" сынып сағаты.
11
мамыр
2021
"Салауатты өмір біздің болашағымыз" сынып сағаты.
Мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларына  "Салауатты өмір біздің болашағымыз"  тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.  Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау,оқушыларға өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.
"Ұлттық құндылық - ұлттың тірегі!"
06
мамыр
2021
"Ұлттық құндылық - ұлттың тірегі!"
Мектебіміздің 8 "А" сынып оқушыларына ата-ана Хавайдуллаева Рабиям "Ұлттық құндылық - ұлттың тірегі!" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Сынып жетекшісі: Омарова Г.М
Аудандық семинар-коучинг.
06
мамыр
2021
Аудандық семинар-коучинг.
Қашықтықтан оқытудағы білім беру мен білім алудағы тиімді тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту, сапасын жақсарту үшін тиімді әдіс -тәсілдерді үйрету мақсатында, ауданың жас мамандарына N2 ЖББ мектептің физика, биология, информатика  пәнінің мұғалімдері "Оқу мен оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында зум платформасы арқылы семинар-коучинг өткізеді.