Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 131
Құстар – табиғаттың көркі!
11
наурыз
2021
Құстар – табиғаттың көркі!
Құстар – табиғаттың көркі!  Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі.  Көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз  елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Сондықтан, құстарға қамқор болайық деген мақсатпен мектеп оқушылары арасында "Құстар - біздің досымыз" атты мектепішілік байқауы өткізіліп, ұялардан көрме жасалды.  Оқушылар өз шеберліктерімен жасаған  ұяларын ағашқа ілді.
Тасирова С.Т. Құттықтау Хатпен марапатталды.
06
наурыз
2021
Тасирова С.Т. Құттықтау Хатпен марапатталды.
Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Тасирова Сауле Турсынжановна Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың атынан 8-наурыз мерекесімен Құттықтау Хатпен марапатталды.
5-9 сынып ата-аналарына «ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ - АТА-АНА ҮНІ»  онлайн кездесу өтті.
06
наурыз
2021
5-9 сынып ата-аналарына «ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ - АТА-АНА ҮНІ» онлайн
 №2 жалпы білім беретін мектепте 5-9 сынып ата-аналарына «ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ - АТА-АНА ҮНІ»  онлайн кездесу өтті. Мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелерінде, құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ "мектеп - бала -ата-ана" қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологилық-педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға көмек көрсету.
Ұстаздар Грамотамен марапатталды!!!
05
наурыз
2021
Ұстаздар Грамотамен марапатталды!!!
Мектебімізбің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Еримбетова М.Д, қазақ тілі пәні мұғалімі Туралиева Г.М, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Акбаева К.Е Жетісу ауданы Білім бөлімінің басшысы Кусаинова С.А және Жетісу аудандық "Ұстаз" кәсіподақ ұйымының төрайымы Алимбаева Н атынан білім беру жүйесіне қосқан үлесі үшін Грамотамен марапатталды!!!
Оқушылар  қуанышты көңіл күймен мектебімізге келді.
04
наурыз
2021
Оқушылар қуанышты көңіл күймен мектебімізге келді.
Бүгін мереке! 💐🎊📚 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 2021 жылдың 4 наурызынан бастап 1-4 және 5 сынып оқушылары  қуанышты көңіл күймен мектебімізге келді. Мектеп бітіруші түлектеріміз алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерімізді мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, сыйлықтарын тарту етті.
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ директоры Отепбекова Б.М ұстаздармен кезекті жиналысын өткізді.
03
наурыз
2021
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ директоры Отепбекова Б.М ұстаздармен кезекті
Мектеп басшысы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 2021 жылдың 4 наурызынан бастап 1-4 және 5 сынып оқушылары  25 оқушыға дейін санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып аралас форматта оқыту жүйесінің басталатыны туралы хабарлап, ережелермен таныстырды.
"Ана - гүл, ана - өмір шуағы"
02
наурыз
2021
"Ана - гүл, ана - өмір шуағы"
Мектебіміздің 5-11 сынып оқушыларына 8 наурыз мерекесі қарсаңында "Ана - гүл, ана - өмір шуағы" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
02
наурыз
2021
8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Мектебіміздің 1 "А" сынып оқушылары барша нәзік жанды аруларды  келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтайды! Сынып жетекші: Ускембаева Ж.Н
"Отбасының суреті" әдістемесі
01
наурыз
2021
"Отбасының суреті" әдістемесі
№2 ЖББМ психологы Қуаныш А.Е  3 кезекші сынып оқушыларына "Отбасының суреті" әдістемесін жүргізді. Әдістеме мақсаты: баланың ата-анасына және басқа туыстарына қатынасын, өзін-өзі қабылдау ерекшеліктерін, отбасылық мәселелер мен психологиялық ыңғайсыздық көздерін анықтау.