Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 141
Өмірханова Нұрайым  ІІ орын
14
желтоқсан
2020
Өмірханова Нұрайым ІІ орын
Алматы қаласында өткен " TAMERLAN OPEN" грепплинг спортына мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы Өмірханова Нұрайым қатысып ІІ орынды жеңіп алды.
“Елбасының табысқа жету жолы” тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
11
желтоқсан
2020
“Елбасының табысқа жету жолы” тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
Алматы қаласы, Жетісу ауданы №2 жалпы білім беретін мектептің “Bolashaq” дебат клубының ұйымдастыруымен “Елбасының табысқа жету жолы” тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
"Педагог мәртебесі"туралы  заңнамасымен таныстырды
11
желтоқсан
2020
"Педагог мәртебесі"туралы заңнамасымен таныстырды
2020 жылдың 11 желтоқсанында Алматы қаласы білім беру сапасын қамтамасыз ету бөлімі Алматы қаласының барлық ұстаздарына "Педагог мәртебесі" туралы заңнамамен тағы бір таныстырды. Және осы заң бойынша әр педагог өз мәртебесін айқындай алатыны және өз құқықтарын кез-келген уақытта қорғай алатыны, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулері, міндеттемелері мен жауапкершілігі туралы айтылды. Ұстаздар "Педагог мәртебесі" бойынша сұрақтар қойып, жауап алды.
Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары сурет көрмесін ұйымдастырды.
09
желтоқсан
2020
Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары сурет көрмесін ұйымдастырды.
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз! Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл! Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық! Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары сурет көрмесін ұйымдастырды.
«Өзін-өзі басқару ұйымы» сіздерді 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
08
желтоқсан
2020
«Өзін-өзі басқару ұйымы» сіздерді 16 желтоқсан - Қазақстан
Алматы қаласы, Жетісу ауданы №2 жалпы білім беретін мектептің «Өзін-өзі басқару ұйымы» сіздерді 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
"Гүлдене бер елім" тақырыбында бейне құттықтау
08
желтоқсан
2020
"Гүлдене бер елім" тақырыбында бейне құттықтау
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №2 ЖББМ қоғамдық-гуманитарлық әдістеме бірлестігінің "Тарих-өткеннің куәсі, қазіргінің өнегесі, болашағымыздың асыл қазынасы" атты онкүндік аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Бейсенбай Гүлназ Шаймерденқызының жетекшілігімен оқушылардың тәуелсіздік күні қарсаңында "Гүлдене бер елім" тақырыбында бейне құттықтауы...
"Партия мүшелерінің этикалық кодексі" тақырыбында жиналыс өткізілді.
07
желтоқсан
2020
"Партия мүшелерінің этикалық кодексі" тақырыбында жиналыс өткізілді.
Алматы қаласы Жетісу ауданы "Нұр Отан" партиясы филиалының тапсырмасына сәйкес бастауыш партия ұйымының мүшелерімен "Партия мүшелерінің этикалық кодексі" тақырыбында жиналыс өткізілді.
"Жас Қыран", "Жас Ұлан"
04
желтоқсан
2020
"Жас Қыран", "Жас Ұлан"
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында 2020 жылдың 4 желтоқсан күні Жетісу ауданы, #2 ЖББ мектептің кезекші 1-5 сынып оқушылары "Жас Қыран", "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды.
Рахымбай Абсаттарұлы қатысып І дәрежелі Дипломмен марапатталды!
02
желтоқсан
2020
Рахымбай Абсаттарұлы қатысып І дәрежелі Дипломмен марапатталды!
" USTAZ TILEGI" Халықаралық  ғылыми-әдістемелігі орталығының ұйымдастыруымен Республикалық музыка пәнінен ұстаздар арасында өткен олимпиадаға мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Рахымбай Абсаттарұлы қатысып І дәрежелі Дипломмен марапатталды!
"Балалық шағымның аспаны", "Тәуелсіздіктің жеті қыры"
02
желтоқсан
2020
"Балалық шағымның аспаны", "Тәуелсіздіктің жеті қыры"
Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің 1-11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының тұңғыш Елбасы күніне арнап ашық сабақтар өтіп, "Балалық шағымның аспаны", "Тәуелсіздіктің жеті қыры" деректі фильмдері көрсетілді. Мақсаты: тұңғыш Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат боп өсуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.