Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 63
Мектеп оқушылары арасында шахматтан жарыс ұйымдастырды
13
ақпан
2023
Мектеп оқушылары арасында шахматтан жарыс ұйымдастырды
Темірбек Қараұлы Жургеновтың 125 жылдығына арнап мектепішілік жоспар аясында дене шынықтыру пәні мұғалімі Абилкайров С.М мектеп оқушылары арасында шахматтан жарыс ұйымдастырды. Жарыс нәтижесі бойынша оқушылар марапатталды!
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» байқауы және мерекелік әдеби сазды-кеш өткізілді.
09
ақпан
2023
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» байқауы және мерекелік әдеби сазды-кеш өткізілді.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған ұстаз бен шәкірт арасындағы «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» байқауы және мерекелік әдеби сазды-кеш өткізілді. Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқушыларға насихаттап, шығармашылыққа баулыды.  Байқауға мектебіміздің өнерпаз ұстаздары мен жез таңдай әншілері жанды дауыста ән айтып, бір-бірімен бақ сынасты. Байқау нәтижесі бойынша: «БАС ЖҮЛДЕ» - 5 "Б" сынып оқушысы Мукашев Асыл, сынып жетекшісі Умбетова Ж.К; І ОРЫН – 6 "А" сынып оқушысы Тоқташ Ләйлі, сынып
Мектепішілік тестік бақылау
07
ақпан
2023
Мектепішілік тестік бақылау
Мектебіміздің 10 сынып оқушыларынан білім-білік дағдыларын пысықтау мақсатында, бес пәннен мектепішілік тестік бақылау алынды.
Сабақ тақырыбы: "Ғарыш әлеміне саяхат"
03
ақпан
2023
Сабақ тақырыбы: "Ғарыш әлеміне саяхат"
Мектебіміздің 1 "А" сынып оқушыларының "Бейнелеу өнері" сабағы. Сабақ тақырыбы: "Ғарыш әлеміне саяхат". Мақсаты:  оқушыларға күн жүйесіндегі планеталар туралы түсіндіру, ғарыш әлеміне саяхат жасау. Сынып жетекші:  Молдакарызова Ж.Ж
7-8 сынып оқушылары.  Дипломдармен марапатталды!
02
ақпан
2023
7-8 сынып оқушылары. Дипломдармен марапатталды!
Жетісу ауданы, №2 жалпы білім беретін мектеп оқушылары, жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, Дипломдармен марапатталды! География пәнінен 7 «В» сынып оқушысы Аслан Маржан ІІ-дәрежелі Диплом, жетекшісі Тулеубаева К.К; Физика пәнінен  7 «В» сынып оқушысы Саин Амина ІІ-дәрежелі Диплом, жетекшісі Аталыкова Г.Д; Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7 «В» сынып оқушысы Қосай Жанмерей ІІ-дәрежелі Диплом,
"Өзін-өзі басқару" ұйымы
31
қаңтар
2023
"Өзін-өзі басқару" ұйымы
Мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының Білім Министрлері Турсунова Руфина мен Хабибуллаева Жарқынай 6 "А" сынып оқушылары арасында "Интеллектуалды ойын" ұйымдастырды. Мақсаты: оқушыларды логикалық тұрғыдан жылдам жауап беруге үйрету.
«Аққулар ұйықтағанда» тақырыбында оқушылар шығармашылығынан көрме ұйымдастырды.
31
қаңтар
2023
«Аққулар ұйықтағанда» тақырыбында оқушылар шығармашылығынан көрме
«Дариға жүрек» атты ақын Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына арналған мектепішілік айлық жоспар аясында көркем еңбек  пәні мұғалімдері Идирисов Р.Е, Торгаева Н.Б  «Аққулар ұйықтағанда» тақырыбында оқушылар шығармашылығынан көрме ұйымдастырды.
«Бақытты отбасы» жобасы аясында «Волейбол» жарысы өткізілді.
27
қаңтар
2023
«Бақытты отбасы» жобасы аясында «Волейбол» жарысы өткізілді.
Жетісу ауданы, №2 жалпы білім беретін мектептің «Дариға жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына арналған «AMANAT» партиясы Жетісу аудандық филиалының және мектеп әкімшілігінің, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен,  «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Волейбол» жарысы өткізілді.  Волейбол жарысына жалпы 7 команда қатысты. Мектебіміздің 4 мұғалімдер командасы: «Әкімшілік» командасы, «Бастауыш бірлестік» командасы, «Жаратылыстану бірлестік» командасы, «Гуманитарлық бірлестік»
"Рахмет саған, ӘЛІППЕ!" атты мерекелік іс-шарасы
27
қаңтар
2023
"Рахмет саған, ӘЛІППЕ!" атты мерекелік іс-шарасы
Мектебіміздің 1 "А" сынып бүлдіршіндерінің "Рахмет саған, ӘЛІППЕ!" атты мерекелік іс-шарасы. Сынып жетекшісі: Молдакарызова Жазира Жанарбековна
«Толағай» эстафеталық жарысын ұйымдастырды.
26
қаңтар
2023
«Толағай» эстафеталық жарысын ұйымдастырды.
«Дариға жүрек» атты ақын Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына арналған мектепішілік айлық жоспар аясында дене шынықтыру пәні мұғалімі Алмағамбетова А.Т  2 "А", "Б", "В" сыныптар арасында  «Толағай» эстафеталық жарысын ұйымдастырды.  Жарыс нәтижесі бойынша  І - ОРЫН: 2 "В" сынып ІІ - ОРЫН: 2 "Б" сынып ІІІ - ОРЫН: 2 "А" сынып оқушылары марапатталды! Құттықтаймыз!