Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 165
Орталық демалыс саябағына экологиялық серуен
30
қазан
2019
Орталық демалыс саябағына экологиялық серуен
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің 4 "А" сынып оқушылары Орталық демалыс саябағына экологиялық серуенге шықты. Оқушыларды күзгі табиғат құбылыстарымен таныстыра отырып, күзгі ағаштарға назарларына аудару, олардың ерекшеліктерімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Күзгі табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін көре білуге тәрбиелеу. 
Кітап әлеміне саяхат
30
қазан
2019
Кітап әлеміне саяхат
Биылғы жыл ТМД елдерінде Кітап жылы болып жарияланған, осыған орай Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің 2 сынып оқушылары "Кітап әлеміне саяхат" жасады. Мақсаты: - оқушылардың кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер ету; - білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға себеп болу; - оқушылардың тез шешім қабылдау қабілетін, тіл байлығын дамыту. 
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі және қазіргі заманауи мұғалімнің моделі
29
қазан
2019
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі және қазіргі заманауи мұғалімнің
ЖББМ математика пәні мұғалімі Журынова Фарида Темірхановна "Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі және қазіргі заманауи мұғалімнің моделі" тақырыбында жас мамандарға коучинг өткізді. Мақсаты: мұғалімдердің кәсіптік құзырлығын қалыптастыра отырып, олардың кәсіптік деңгейінің өсуіне жағдай жасау. Оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін іс-тәжірибеде енгізу арқылы мұғалімнің құзыреттілігі рөлі қаншалықты қажет екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру. 
Қауіпсіздік- жол ережесі
26
қазан
2019
Қауіпсіздік- жол ережесі
Мектебімізде 5-10 сынып оқушыларына «Қауіпсіздік- жол ережесі» тақырыбында 8 «В» сынып оқушылары жол ережесін түсіндіру мақсатында лездеме өткізді. Мақсаты: Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру. Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой — өрісін, белсенділігін дамыту. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. 
Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы.
25
қазан
2019
Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде мектебімізде "Отбасы -  тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты және ата-әжелермен кездесу өтті. Мақсаты: Отбасы тәрбиесі мәселелерін талқылау, оқушылардың отбасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету, отбасының әрбір адамының өміріндегі маңыздылығын арттыру.
Діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу шаралары
24
қазан
2019
Діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу шаралары
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының "Мониторнг және талдау" орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 24 қазан күні Жетісу ауданы №2 ЖББМ АТТ мүшесі Кудайкулов Тұрсын Таңатарұлымен кездесу өткізілді. Кездесуде діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу шаралары туралы айтып, сонымен қатар қазіргі қоғамға кері ықпалын тигізіп жатқан жат ағымдар туралы сөз қозғады, Кездесіге 10-11 сыныптар қатысты.
ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ.
24
қазан
2019
ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ.
"Sanaly urpaq" жобасы аясында Парасаттылық мектебі ашылды. Парасаттылық мектебінің мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау.
АЛТЫН КҮЗ! мерекесі
23
қазан
2019
АЛТЫН КҮЗ! мерекесі
Мектебімізде 5-10 сыныптар арасында Алтын Күз мерекесі өтті. Оқушыларымыз күзгі вальс биін билеп, сән үлгісін көрсетіп, экибанна жасап, көрініс пен ән билерімен бар өнерлерін ортаға салды.
Мамандық таңдау - ертеңді ойлау! тренинг сабақ
21
қазан
2019
Мамандық таңдау - ертеңді ойлау! тренинг сабақ
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің психологы Ербол Перизат 11 сынып оқушыларына "Мамандық таңдау - ертеңді ойлау" тренинг сабақ өткізді. Мақсаты: оқушыларды, білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу. Жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін-өзі тану аумағын кеңейту.
"Жолда жүру ережесін білесің бе?" тәрбие сағаты
18
қазан
2019
"Жолда жүру ережесін білесің бе?" тәрбие сағаты
Жетісу ауданы №2 ЖББМ 3-4 сынып оқушыларына "Жолда жүру ережесін білесің бе?" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол ережесін үйрету.