Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 167
"Толағай" спорттық жарыс
11
қазан
2019
"Толағай" спорттық жарыс
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектепте "Толағай" тақырыбында спорттық жарыс өткізілді. Мақсаты: Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
"Қыз болашағы - ел болашағы"
11
қазан
2019
"Қыз болашағы - ел болашағы"
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектебінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы негізінде 2019 жылдың 4-14 қазан аралығында БҰҰ Бас ассамблеясының жарияланғае Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндік аясында мектепішілік "Қыз болашағы - ел болашағы" тақырыбында декада жоспары жасалып, жоспарға сәйкес "Қыз әдептілігімен - әдемі" тақырыбында қыздар жиналысы, "Ажарлы, сұлу, ғажап, қыздары қандай қазақтың!" тақырыбында дөңгелек үстел, "Біз - саналы ұрпақпыз" тақырыбында флешмоб
Мекеме ауласын көгалдандыру.
11
қазан
2019
Мекеме ауласын көгалдандыру.
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектебінде табиғатқа қамқорлық және мекеме ауласын көгалдандыру мақсатында мектеп аумағына жас талдар отырғызылды.
"Ер баланың тәртібі"
11
қазан
2019
"Ер баланың тәртібі"
Жетісу ауданы №2 ЖББ  мектептің 5-11 сынып оқушыларының ұлдарына "Ер баланың тәртібі" тақырыбында ұлдар жиналысы өтті. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін  қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.
Ата салтым - асыл қазынам.
11
қазан
2019
Ата салтым - асыл қазынам.
3 "А" сыныбына "Ата салтым - асыл қазынам" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, халық әндерін үйрету. Сынып жетекші: Тасирова С.Т
Үнемшілдік - ырыс, ысырапшылдық - шығыс
10
қазан
2019
Үнемшілдік - ырыс, ысырапшылдық - шығыс
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің 9 сынып оқушыларына "Үнемшілдік - ырыс, ысырапшылдық - шығыс" тақырыбында зияткерлік сайыс өткізді. Мақсаты:Оқушыларды білімпаздыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
09
қазан
2019
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
Еліміздің оқу-ағарту ісіне еңбек сіңіргені үшін Жетісу ауданы №2 ЖББ мектебінің бастауыш мұғалімі Тойкулова Балкия Абдрахмановна "Білім Беру саласының Үздігі" құрметті атағымен марапатталады.
АСЫЛЫ ОСМАН
09
қазан
2019
АСЫЛЫ ОСМАН
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің 10 сынып оқушылары Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғалым, Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге аянбай еңбек етіп жүрген, тіл жанашыры АСЫЛЫ ОСМАН апайымызбен кездесуден алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын айтып, қазақ тіліне деген құрметтерін күй арқылы жеткізді.
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
08
қазан
2019
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары үшін Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Умбетова Жанат Құлпыбаевна марапатталады!
ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
07
қазан
2019
ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА атты халықаралық дәрежеде өткізілетін республикалық шығармашылық конкурстарға қатысып, жүлделі орын атанғаны үшін Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің математика пәні мұғалімдері Журынова Ф.Т, Аталыкова Г.Д І-дәрежелі дипломмен марапатталды.