Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 76
"Зерде" республикалық байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
10
қазан
2022
"Зерде" республикалық байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
Мектебімізде 2-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының "Зерде" республикалық байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Жобаның орындалу мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілетінің дамуы, ізденушілікке баулу.  Жетекшісі: Тулеубаева К.К.  Көмекшілері:  Танкаева И.Х.  Мақсот А.Б.  Ұлдақанова А.Е.
Қыздар құрама командасы ІІІ-орынды жеңіп алды!
08
қазан
2022
Қыздар құрама командасы ІІІ-орынды жеңіп алды!
Жетісу ауданы, N2 жалпы білім беретін мектептің қыздар құрама командасы Алматы қаласы мектептері арасында футболдан өткізілген жарыста ІІІ-орынды жеңіп алды! Жетекші: Байғондыұлы Абдулла. Құттықтаймыз!
"Өсімдіктердің негізгі бөліктері"
06
қазан
2022
"Өсімдіктердің негізгі бөліктері"
Мектебіміздің 1 "А" сынып оқушылары жаратылыстану пәнінен "Өсімдіктердің негізгі бөліктері" тақырыбында сабақ өтіп, мектеп ауласына өсімдіктермен танысып, зерттеуге саяхат жасады. Сынып жетекші: Молдакарызова Ж.Ж
"Қазыналы қарттарым!"
04
қазан
2022
"Қазыналы қарттарым!"
Жетісу ауданы, N2 ЖББМ мектепішілік қарттар айлығының жоспарына сәйкес "Қазыналы қарттарым!" тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдері оқушылар шығармашылығынан сурет көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларға үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін көрсету, ата-әжелерді сыйлау, аталы сөздерден ғибрат алуға тәрбиелеу.
«Жүректен маржан іздеген »
29
қыркүйек
2022
«Жүректен маржан іздеген »
Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арнап мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Г.З «Жүректен маржан іздеген » атты  Қоғам қайраткері, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты:  Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
"Professional-2050"
29
қыркүйек
2022
"Professional-2050"
9 "Б" сынып оқушысы Айдарханов Тимур информатика пәнінен "Professional-2050" тақырыбында эссе жазып, "Өрлеу Қазақстан" балалар арасындағы сайысқа қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Омарова Г.М.
"Бейбітшілік - байрағымыз, туған жер - тұғырымыз"
28
қыркүйек
2022
"Бейбітшілік - байрағымыз, туған жер - тұғырымыз"
Мектебіміздің "Адал Ұрпақ" ұйымының жетекшілері Тұрсынғали Даниал, Болат Ұлжалғас, Тоқтасын Альмира және мектеп Президенті Исроилов Нұрдаулет 5 "А" сынып оқушыларына "Бейбітшілік - байрағымыз, туған жер - тұғырымыз" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеу арқылы достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
"AMANAT" партиясы филиалының қолдауымен жиналысы өткізілді.
28
қыркүйек
2022
"AMANAT" партиясы филиалының қолдауымен жиналысы өткізілді.
Алматы қаласы, Жетісу ауданы "AMANAT" партиясы филиалының қолдауымен N2 ЖББ мектебінің партия ұйымының кезекті жиналысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер: 1. Саяси тұғырнама жобасын талқылау; 2. "AMANAT" партиясы Жетісу аудандық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясына делегат сайлау.
“Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру”
27
қыркүйек
2022
“Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру”
Бүгін мектебіміздің бастауыш ұстаздарының арасында “Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру” тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдері арасында өзара тәжірибе алмасу, шығармашылық қабілеттерді шыңдау. Оқыту семинары жаңа заман талабына сай форматта өтті. Ұстаздар топқа бөлініп өзара пікір алмасып, тәжірибелер жасап, ортаға ойларын салып талқылады. Ұйымдастырушылар:  Тойкулова Б.А. Чамкарова А.Б. Жиенбаева А.Ж.
"Ескірткісіз өмір"
26
қыркүйек
2022
"Ескірткісіз өмір"
Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Шманов Олжас Қайырбайұлы мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына "Ескірткісіз өмір" тақырыбында лекция оқыды.