Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 77
Мектеп директоры математика пәні мұғалімдеріне олқылықтармен жұмыс жасауды тапсырды
26
қыркүйек
2022
Мектеп директоры математика пәні мұғалімдеріне олқылықтармен жұмыс
Мектеп директоры Отепбекова Б.М математика пәні мұғалімдерімен математика пәніндегі оқушылардың логикалық ойлауын, математикалық терминдерді пайдалануын, ақпарататтық технологияларды қолдануын үнемі бақылауда ұстауды айтып, олқылықтармен жұмыс жасауды тапсырды.
№2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді.
23
қыркүйек
2022
№2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді. Күн тәртібіндегі тақырыптар:  1.    1-4 сыныптар «Баланың бас ұстазы – ата-ана» ;2.    5-7 сыныптар «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» ;3.    8-9 сыныптар «Ата-ана мен балалар арасында қарым-қатынас»;4.     10-11 сыныптар «Отбасы – Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі».
Оқушыларымыз футболдан жүлдемен оралды!
23
қыркүйек
2022
Оқушыларымыз футболдан жүлдемен оралды!
Жетісу ауданы бойынша футбол жарысынан  7-8 сынып оқушылары арасында мектеп қыздар командасы ІІІ-орынмен,  9-11сынып қыздар командасы І-орынды жеңіп алып, қалалық кезеңге жолдама алды!! Құттықтаймыз!
“Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс және тренинг өткізді.
23
қыркүйек
2022
“Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс
Мектеп психологі Қуаныш А.Е және 1 "Ә" сынып жетекшісі Чамкарова А.Б  “Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс және тренинг өткізді. Мақсаты: бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы. Ата-аналардың және мектеп пен отбасы қарым-қатынасын нығайту, оқушылардың мектепке бейімделуіне үш жақты көмек көрсету.
" Тілге құрмет - елге құрмет" атты онкүндігінің жабылуы салтанаты  өткізілді.
23
қыркүйек
2022
" Тілге құрмет - елге құрмет" атты онкүндігінің жабылуы салтанаты
Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған " Тілге құрмет - елге құрмет" атты онкүндігінің жабылуы салтанаты  өткізілді.  Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, өз ұлтын, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының биік болуын мақсат еткен бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың төл тілдерін құрметтеу. Онкүндік аясында белсене қатысқан оқушылар
9,10,11 сынып оқушыларына "Ескірткісіз өмір" тақырыбында лекция оқыды.
23
қыркүйек
2022
9,10,11 сынып оқушыларына "Ескірткісіз өмір" тақырыбында лекция оқыды.
Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Шманов Олжас Қайырбайұлы 22-қыркүйек күні кешкі мектепте білім алып жатқан 9,10,11 сынып оқушыларына "Ескірткісіз өмір" тақырыбында лекция оқыды.
6-11 сынып оқушылары testter.kz платформасында оқушылар сынақ тапсырды.
22
қыркүйек
2022
6-11 сынып оқушылары testter.kz платформасында оқушылар сынақ
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектепте 6-11 сынып оқушылары арасында жалпы пәндер бойынша testter.kz платформасында оқушылар сынақ тапсырды.
"Күзгі кросс" жарысы ұйымдастырылды.
21
қыркүйек
2022
"Күзгі кросс" жарысы ұйымдастырылды.
Жетісу ауданы мектептері арасында спорттық "Күзгі кросс" жарысы ұйымдастырылды.  №2 ЖББМ 2005-2006жж қыздар арасында 2 км қашықтықтын жүгіру бойынша І-ОРЫНМЕН 11 "Б" сынып оқушысы Ташметова Айгерім,  2007-2008 жж 1 км қашықтықтан жүгіру бойынша ІІІ-ОРЫНМЕН 8 "Б" сынып оқушысы Демидова Аруна,  2006-2007жж 2 км қашықтықтан жүгіру бойынша ІІІ-ОРЫНМЕН 9 "А" сынып оқушысы Ноғайәлі Нұрқиса марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды.
"Мен көп тілді білемін" мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
19
қыркүйек
2022
"Мен көп тілді білемін" мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Қазақ тілі мен тарих  және ағылшын тілі мен орыс тілі  әдістеме бірлестіктерінің  ұйымдастыруымен  «Тілдер күні» және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өтілетін «Тілге құрмет - елге құрмет» атты тіл мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар аясында "Мен көп тілді білемін" мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
" Тілге құрмет - елге құрмет" атты онкүндігінің ашылуы салтанаты  өткізілді.
15
қыркүйек
2022
" Тілге құрмет - елге құрмет" атты онкүндігінің ашылуы салтанаты
Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған " Тілге құрмет - елге құрмет" атты онкүндігінің ашылуы салтанаты  өткізілді.  Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, өз ұлтын, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының биік болуын мақсат еткен бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың төл тілдерін құрметтеу.