Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 171
Ішімдіктің адам ағзасына әсері. Темекі шегудің алдын алу.
11
қыркүйек
2019
Ішімдіктің адам ағзасына әсері. Темекі шегудің алдын алу.
Алматы қалалық салауатты өмір салты орталығының мамандары Хамит А.Б, Қуанышбаев Н.Е 9 сынып оқушыларына "іШІМДІКТІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ", "ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ АЛДЫН АЛУ" тақырыбында дәріс оқыды. Мақсаты: Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын ұстану және зиянды әрекеттердің алдын алу.
"Ағаштағы адамдар" сауалнама
10
қыркүйек
2019
"Ағаштағы адамдар" сауалнама
Мектебіміздің психологы Ербол Перизат оқушымен жеке жұмыс барысында. Сауалнама атауы "Ағаштағы адамдар".  Мақсаты: Баланың өзін-өзі бағалауын тексеру.
Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолданып диктант жазу.
10
қыркүйек
2019
Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолданып диктант жазу.
Алматы қаласы Білім басқармасының тапсырмасы бойынша №2 ЖББ мектепте 2019 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 11:00-де 9-11 сынып оқушылары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолданып диктант жазды.
Алматы - әсем қала
10
қыркүйек
2019
Алматы - әсем қала
Мектебіміздің 10 "Б" сынып оқушылары "Алматы - әсем қала" тақырыбында лездеме өткізді. Мақсаты:    Алматы қаласының кешегісі мен бүгіні, мың жасаған шахардың тарихына үңіле отырып, жарқын болашағына инновациялық-индустриялық   өндіріс жобаларына, даму бағыттарын талдап, таразылауға бейімдеу; ОқушыларғаАлматы қаласының тарихыжайында түсінік беру. Оқушылардың бойында ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сынып жетекші: Саипова К.А
Өзін-өзі басқару ұйымын сайлау.
04
қыркүйек
2019
Өзін-өзі басқару ұйымын сайлау.
Мектебімізде "Мектеп Президентін" және "Өзін-өзі басқару ұйымының" мүшелерін сайлауы өтті. Мақсаты: Оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, өзін-өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан-жақты ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту. Мектеп оқушыларының дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 10 "Б" сынып оқушысы
Жолдағы менің мәдениетім
04
қыркүйек
2019
Жолдағы менің мәдениетім
Мектебіміздің 1-2 сынып оқушыларына мектеп инспекторы полиция лейтенанты Ермекқызы Жазира "Жолдағы менің мәдениетім" дәріс сабағын өткізді.  Мақсаты:  1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге, жол ережесінің белгілерімен таныстыру. 3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Таңғы серпінділік жаттығу
02
қыркүйек
2019
Таңғы серпінділік жаттығу
Мектеп оқушыларының "Таңғы серпінділік жаттығуы" Мақсаты: Оқушыларға ертеңгілік көңіл күй, көтеріңкі сезім сыйлау. Балаларды ептілікке, белсенділікке тәрбиелеу. 
"Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" алғашқы қоңырау
01
қыркүйек
2019
"Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" алғашқы қоңырау
Мектебімізде "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" атты Алғашқы қоңырау білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиын Құрманғазының "Балбырауын" күйімен ашылды. Биылғы жыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, ТМД елдерінде кітап жылы екендігі аталып өтті.Мектеп басшысы Отепбекова б.м барша оқушыны жаңа оқу жылымен құттықтап оқушыларға сәтті оқу жылын тіледі.
"Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тәрбие сағаты
01
қыркүйек
2019
"Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тәрбие сағаты
Мектеп оқушыларына "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбында тәрбие сағатары өтті.  Мақсаты: Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру.
"Мектепке жол" платформасы құрылды.
15
тамыз
2019
"Мектепке жол" платформасы құрылды.
"Атамекен" қоғамдық қорының қолдауымен www.atamekenim.kz порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын "Мектепке жол" платформасы құрылды.  @zhetisu_roo